Жаңалықтар | Новости

Қасым-Жомарт Тоқаев Иманбекті Grammy-дегі жеңісімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иманбек Зейкеновті (Imanbek) Grammy-де “үздік ремикс” үшін марапатталуымен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілуі жөніндегі жаңалықты зор қуанышпен қабылдады.

Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді.

Президенттің атынан Иманбекті осы жарқын жеңісімен құттықтаймын және жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!”, – делінген құттықтауда.

Комментарий