Жаңалықтар | НовостиҚоғам | Общество

Ақерке Тәжібаева:”Бұл  әңгіме арқылы, қыз-келіншектерге баланың жынысын есептеп беретін мамандардың да қателесетінін ескерткім келеді”

Міне, қызық!
Мәз болып барып, УЗИ-ге түссем, «қыз бала» деп тұр. Мен  жеңгеме: «Неге бұлай болды?» – деп  телефон соқтым, ол кісі маған «ер  бала»  болады!Уайымдама, бәрі дұрыс деп жұбатты. Көп дәрігерлердің узиде қателесетінін айтты. Мен жеңгемнің біліктілігі мен тәжірибесіне сенім артып, соңына дейін ер бала болады деген зор үмітпен келдім.

Міне, бүгін өздеріңіз  куә болып  отырған “Gender Party “- де қызғылт түсті конфетилердің төгіліп, үмітімнің ақталмағанын дәлелдеп, нүктесін қойып беріп отыр.

Үмітімнің ақталмағанына көңілім түсті,  жабырқадым. Сол сәтте жан-жарым өзінің шексіз қуанышымен қолдау  көрсетіп: «Біздің Айкөркемдей тәп-тәтті қызымыз бар, енді тағы сондай «тәтті сәби» өмірімізге келіп, қуаныш сыйламақшы» – деп жылы сөзімен жұбатты.

Көңіл күйім түсіп, өзіме-өзім жасадым деп өкпелеп, есептетпей-ақ Аллаһтың нәсіп еткен күні көтеріп, риза болып жүрмедім бе?-деген өкініш болды.😔

Әрине, тәубеге келдім….  Барыма шүкіршілік етемін Өмірде қаншама бала  денсаулығында ақау болып туылып, балалықтың тәтті дәмін тата аламай қиналып жатқандар баршылық, бала сүйе алмай жүрген қаншама қыз-келіншектер бар- деп, өзімді жинап алдым.

Қыз баланы берген АллаҺ ер баланы да береді деген үміт оты жанды. Аллаһтың қолдауымен «kinder surpise»- імді  дүниеге  әкеліп алсам, бұйыртса «атқа мінер» мұрагерді дүниеге әкелуге ниеттенеміз

Аллаһтан  денсаулығы мықты,  салиқалы, қайырлы ұрпақ тіледім!!!

Бұл  әңгіме арқылы, қыз-келіншектерге баланың жынысын есептеп беретін мамандардың да қателесетінін ескерткім келеді))

Комментарий