Бас тақырып | Тема дняҚоғам | Общество

Қара киім кигендер: Қазақстанда митингілер кезінде азаматтарды ұстаған кімдер

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаева еліміздегі заңсыз митингілер кезінде азаматтарды қара түсті, айрықша белгілері жоқ киім киген адамдардың ұстағаны туралы мәліметке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттінің тілшісі.

«Тәртіп сақталуы үшін полиция, сонымен қатар Ұлттық ұлан қызметкерлері тартылды. Олар (қара түсті киім кигендер – ред.) қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыс істейтін жылдам қимыл арнайы жасағының қызметкерлері еді. Біздің киімнің үш формасы бар. Олар түсі, белгілері бойынша ерекшеленеді», – дейді министр.

Сондай-ақ, журналистер айрықша белгілері жоқ кез келген адамның өзін арнайы жасақ қызметкерімен теңестіре алатын-алмайтынын сұрады.

«Жоқ, теңестіре алмайды. Себебі олардың біздің полицияның құрамында екенін көрдіңіздер. Яғни олар топта болды. Ол – біздің арнайы бөліміміз. Айрықша белгілері береттері, кепкаларында, қолындағы жапсырмаларда бар. Бөтен, азаматтық, қандайда бір басқа күштер болмады. Барлық жерде тәртіп сақтауға құқық қорғау органдарының, атап айтқанда полиция қызметкерлері қатысты», – дейді Тұрғымбаев.

Комментарий