Жаңалықтар | Новости

Қазақстанға коронавирустың жаңа штаммдары келеді

Коронавирустың жаңа штаммдары туралы денсаулық сақтау министрінің сөзіне қатысты сарапшылар пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой фейсбуктегі өзінің парақшасында арнайы пост жазып, халыққа үндеу жариялады. Министр, алдағы наурыз мерекесі қарсаңында жұртты аса сақ болуға шақырды. Өйткені, шет елге барып келушілердің саны артқан сайын, олардың коронавирус инфекциясының жаңа штамдарын әкеліп, өзгелерге жұқтыру қаупі жоғары деп отыр.

Америкалық және ресейлік ғалымдардың зерттеуін алға тартып жазба қалдырған министр, коронавируспен ауырғандардың 10-15 пайызының ғана иммунитеті қалыптасқанын еске салды. Халықаларылық әуе рейстерінің артуына байланысты вирустың жаңа штамы бізге де жетуі мүмкін дейді Цой.

COVID-19 жұқтырған науқастарда иммунитет пациенттің жасына қарай қалыптасады: иммунитет балаларда жақсы дамиды – кәмелетке толмағандар арасында иммунитет шамамен 20% болады. 18-ден асқан адамдарда -14%, 65 жастан асқандарда -11%. 40%-да иммунитет өте әлсіз және инфекция қайталанғанда көмектесе алмайды.

Цой, бұған дейін ковидтың геномдық нәтижесі бойынша “Британдық”, “Оңтүстік Африка”, “Бразилиялық” жаңа штамы анықталмағанын айтты. Министрдің вирустың “дәл осы шетелдік штамы бізге де жетуі мүмкін” деуі бос сөз емес дейді академик Сәкен Әміреев. Жаңа штамм тез тарайды, яғни бір науқас бір мезетте жиырма адамға жұқтыруы мүмкін дейді.

“Бұл штаммдардың бәрі тез таралғыш, сосын өте ауыр түрде өтетін штамдар. Ауырып тұрған адам бұл жерде басқа инфекциядан қарағанда ол екінші рет тағы жұқтыруы мүмкін. Ауырғаннан кейін қалдыратын иммунитеті, шамасы, сақтандырғыш қасиеті нашар. Сондықтан, бір ғана жолы бар. Мұны тек вакцинамен ғана тоқтату”, – дейді Сәкен Әміреев.

Комментарий