Қоғам | Общество

КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕККЕ

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде мүмкіндігі шектеулі жандарға ғимаратқа кедергісіз кіруіге жағдай жасалды.
Колледжде жалпы 588 студент білім алуда. Соның ішінде 15 білім алушы III-топтағы мүгедек. Ата-аналардың ішінде де мүгедек жандар бар.
Олар әлеуметтік нысандарға кедергісіз кіруі керек. Өзге адамдар секілді тең өмір сүруге құқылы. Өздеріне тән қажеттіліктері де бар. Өкінішке орай, қазіргі уақытта мүгедек жандардың емін-еркін жүріп-тұруы мүмкін болмай, тосқауыл болатын жағдайларда жоқ емес.
Мүгедектер үшін білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы нысандарға кіру ауадай қажет. Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжіне мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз емін-еркін келіп кетуі үшін стандартқа сәйкес пандустар қайта жасалды.
Енді олар колледж ғимараттарына қиындықсыз кіре алады.

Нұртуған АСАНОВ, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы

Комментарий