Құқық | Право

ШҚО-да шектеу шараларын елемейтіндер азаймай тұр

Шығыс Қазақстан облысының екі қаласы мен бір ауданында карантин талаптарын бұзғандар анықталды.

Өңірде арнайы құрылған мониторингілік топтар шектеу шараларының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейдтер жүргізуде.
«10 наурызда Өскеменде 197 объекті тексерілді. Нәтижесінде карантин талаптарын бұзудың сегіз фактісі тіркелген. Сондай-ақ мониторингтік топтар бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша айыппұл салды. Дүкен сатушыларынан келушілерге маскасыз қызмет көрсеткені үшін 393 795 теңге өндірілді», – делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.
Семейде жүргізілген рейдтер барысында 320 нысан қамтылған. Тексерулер кезінде 30 бұзушылық тіркелді. Оның ішінде сауда үйлерінде, базарларда маска тақпағандар және бұқаралық іс-шара ұйымдастырғандар болды. 656 325 теңге сомасына 15 хаттама толтырылып, 43 755 теңге көлемінде бір айыппұл өндірілді.
Бұдан бөлек, Алтай ауданында 139 объектіге рейд жүргізіліп, 6 бұзушылық анықталды.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Комментарий