Бас тақырып | Тема дняЖаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

«ЗАҢ ПАЛАТАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНДА ЗАҢСЫЗДЫҚ ЖОҚ»

Газетімізде жарық көрген «Заң палатасының жұмысында заңсыздық көп» мақаласы көпшіліктің қызу пікірін тудырды. Осы мақаланың жазылуына түрткі болған экс-судья Молдабек Ахметовтің уәжімен Қызылорда облысы бойынша Заң консультанттары палатасы келіспейді. Ахметовтің сынын негізсіз деген палата мүшелерінің терістеме хатын өзгеріссіз газет бетіне жариялап отырмыз.
РЕДАКЦИЯ

«Заң газетінің» 26 ақпан 2021 жылғы №16 (3341) санында «Заң палатасының жұмысында заңсыздық көп» атты мақаланы теріске шығару. Қызылорда облысы бойынша Заң консультанттары палатасы, заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өз мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген, мүшелік шарттарында кемінде 50 заң консультантын біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым заң консультанттары палатасы болып танылады. Заң консультанттары палатасының қызметі «Өзін-өзі реттеу туралы» заңымен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ Заң консультанттары палатасының жарғы, қағида және стандарттарымен реттеледі. 1 наурыз 2018 жылғы құрылтайшылар съезінің хаттамасына сәйкес, бастамашы азаматтар З.Амирова, Д.Ізбасарұлы, Ж.Айып, А.Еденбаев, А.Райымбек, А.Шуленбаева, С.Құлмахан, М.Айменов, Е.Таубаев және Т.Ақшалов болып «Қызылорда облысы бойынша заң консультанттары палатасы» қоғамдық бірлестігін құру, бірлестік жарғысын бекіту, алқалы орган құрамын құру, палата төрағасын Д.Ізбасарұлын сайлау, тексеру комиссиясының құрамын сайлау, бірлестікті мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы шешім қабылданған (1 наурыз 2018 жылғы құрылтайшылар съезінің хаттамасы және палата мүшелерінің қолдары қойылған тізімі жолданды).

13 қараша 2018 жылғы құрылтайшылар съезінің хаттамасына сәйкес, «Қызылорда облысы бойынша Заң консультанттары палатасы» қоғамдық  бірлестігін, қайта ұйымдастыру арқылы, Қызылорда облысы бойынша Заң консультанттары палатасы болып қайта құрылды (Хаттама жолданды). Мақалада: «2018 жылы 13 қараша күні заң талабына сай бірлестік палатасының жалпы жиналысын шақырып, өткізбей, күн тәртібін белгілеп талқылатпай, палата мүшелері З.Амирова, Д.Ізбасарұлы, Ж.Айып, А.Еденбаев, А.Райымбек, А.Шуленбаева, С.Құлмахан, М.Айменов, Е.Таубаев және Т.Ақшаловтың аттарынан жалпы жиналыстың жалған хаттамасы мен қаулысын толтырып, дайындаған» – деген айыптау негізсіз, жалған ақпарат. Бұл, бастамашы азаматтардың жалпы жиналысқа қатысып, тиісті шешім қабылдағаны туралы түсіндірме хатпен де қосымша дәлелденеді. (түсіндірме хат жолданды). Заң нормаларына сәйкес, 4 желтоқсан 2018 жылы Қызылорда облысы бойынша Заң консультанттары палатасы (Палата) қайта мемлекеттік тіркеуден өтті, мемлекеттік тіркеу заңды күшінде, дауланбаған (Анықтама жалғанды). 21 желтоқсан 2018 жылғы «Қазақстан Республикасының Заң консультанттары палатасының қауымдастығы» заңды тұлғалар құрылтай шартына сәйкес, Палата қауымдастық мүшесі аталды. Қоғамдық бірлестікті қайта құру мақсаты, онсыз да төраға қызметінде отырған Д.Ізбасарұлын қайтадан төраға етіп сайлау емес, бұл ҚР Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңының талабы болған. Одан бөлек, төрағаны сайлау бір адамның шешетін дүниесі емес, себебі бұл жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатқызылған, жиналысқа қатысқан палата мүшелерінің дауыс беруі арқылы сайланады. М.Ахметов Қызылорда қалалық сотына талап арызбен жүгініп, онда Қызылорда облысы бойынша Заң консультанттар палатасының жалпы жиналыс шешімдерін жарамсыз деп танып, күшін жоюды сұраған. Алайда, Қызылорда қалалық сотының 25.09.2020 жылғы ұйғарымымен М.Ахметовтың талап қою арызы қайтарылған, ұйғарым заңды күшінде (ұйғарым жалғанды).
Мұнымен тоқтамай М.Ахметов Қызылорда облысы бойынша Заң консультанттар палатасының жалпы жиналыс шешімдерін жарамсыз деп танып, күшін жою туралы талаппен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қайтадан жүгінген. Соттың 06.10.2020 жылғы ұйғарымымен М.Ахметовтің талап арызы оған қоса берілген құжаттарымен бірге өзіне қайтарылған (ұйғарым жалғанды). Соттың бұл ұйғарымымен келіспей, М.Ахметов Қызылорда облыстық сотына жеке шағым берген. Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 18.11.2020 жылғы ұйғарымымен М.Ахметовтің жеке шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған (ұйғарым жалғанды). Аталған сот актілері заңды күшінде екенін біле тұра, Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының бұрынғы төрағасы, отставкадағы судья М.Ахметов жоғарыда аталып кеткен хаттамаларды заңсыз деп, негізсіз айыптауын тоқтатар емес!
Мақалада, палата ҚР Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңының талаптары бұрмаланған…, көпе-көрнеу бұзып, күні бүгінге дейін аттестаттау жүргізу тәртібі мен шартын, соның ішінде кешенді тестің 100 сұрағы Әділет министрлігімен келіспегендігі жазылған. Бұл ақпаратты автор қай заң нормасынан немесе жарғыдан алғаны түсініксіз. Себебі, мақалада сілтеме жасалған заңның 83-бабына сәйкес – «Заң консультанттары палатасына кіру үшін атестаттау жүргізу тәртібі мен шарттарын заң консультанттары палатасы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды», Жарғының 18-бабына сәйкес – «Заң консультанттары палатасына кіру үшін атестаттау жүргізу тәртібі мен шарттарын Заң консультанттары палатасы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды» делінген. Кешенді тестің 100 сұрағын Әділет минстрлігімен келісу туралы талап заң нормаларымен, жарғымен де айқындалмаған, яғни мақалада көрінеу жалған мәлімет көрсетілген.
Бұлай дейтін себебіміз, ҚР Әділет минстрлігінің 02.10.2020 жылғы №1- 9-/17458 санды шығыс хатында, аттестаттау туралы толық түсіндірме берген,
онда «Өзін-өзі реттеу туралы» заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес, өзінөзі реттейтін ұйымға мүше болуға қабылдау және оған мүше болуды
тоқтату шарттары мен тәртібі, оның ішінде Заң консультанттары палатасына қабылдау үшін аттестаттау тәртібі мен шарттары олардың жарғысымен
қаралатынын көрсетіп, басшылыққа алу үшін Қызылорда облысы бойынша заң консультанттары палатасына жолдаған (хат қосымша жалғанды). Әділет министрлігінің түсіндірме хатына сәйкес, 4 желтоқсан 2020 жылы жалпы жиналыс өткізіліп, палата мүшелері дауыс беруі арқылы аттестаттау
ережесіне өзгерістер енгізілді (Хаттама жалғанды). Сондықтан да, мақалада көрсетілгендей палата мүшелерінің жалған кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік жасаған деген мәлімдеме орынсыз, оған қоса жалған кәсіпкерлікпен айналысу фактісі бойынша ешқандай қадағалау, уәкілетті, тергеу немесе сот органдарының актілерімен анықталмаған. Мақалада: «Бір қызығы, палата мүшелігіне заңсыз қабылданып кеткен сол 172 адамнан 2018 жылдың 4 желтоқсанынан күні бүгінге дейін айына 2 АЕК мөлшерінде қолма-қол және есеп-шотқа аудару арқылы жарнапұл жинау жалғасып келеді» деген. Бұл да шындыққа жанаспайды. Өйткені, 27 желтоқсан 2018 жылы палата мүшелерінің жалпы жиналыс хаттамасына сәйкес, жыл сайынғы жарналардың мөлшері 24 АЕК деп белгіленген, яғни айына 2 АЕК (хаттама жалғанды). 31 қаңтар 2020 жылғы палата мүшелерінің жалпы жиналыс хаттамасына сәйкес, Палата мүшелерінің жарнапұл мөлшері өзгеріссіз 2 АЕК болып қалдырылды. Аталған жиналысқа М.Ахметов те қатысып, дауыс берген (хаттама жалғанды). Яғни, жарна мөлшерін белгілеу, азайту, төлеу реттілігін қарау мәселелері тек палата жалпы жиналысында, мүшелердің дауыс беруі арқылы ғана бекітіледі. 172 адам палатаға заңсыз қабылданып кеткен деген тұжырым негізсіз, ешқандай қадағалау, уәкілетті немесе
сот органдарының актісімен анықталмаған және бүгінде палатаның ішкі тізіліміне сәйкес мүшелердің саны 90, палата мүшелерінің саны 172 деп өзгертіліп жазылған. Палатаның кезектен тыс қайталама жалпы жиналысының 2019 жылғы 1 қараша күнгі хаттамасына сәйкес (Хаттама жалғанды), палата төрағасы сайланып, ал палатаның кезектен тыс қайталама жалпы жиналысының 2020 жылғы 6 наурыздағы хаттамасына сәйкес, палатаның бюджеті бекітілді, алқалы басқару органы мүшесі сайланды. Аталған жиналысқа М.Ахметов те қатысып, бірауыздан дауыс беріп, қарсылық болмаған. (хаттама тіркелді). Мақалада: «Жарнапұл есебінен жиналған ақшаның кіріс-шығыс сметасын бюджетті бекіту кезінде ұсынбаған, түскен ақшаны нысаналы мақсатқа пайдалану мәселесін жалпы жиналыстың күн тәртібіне қойып, есеп бермеген. Келісімшарт негізінде жүзеге асырылған (еңбекақы, сыйақы, жалға төлеу, адам жалдау, салық төлемі т.б.) қаражат туралы да салық органына есеп бермеген», деп көрсеткен. Алайда, жоғарыда айтылғандай, 2020 жылғы 6 наурыздағы палатаның кезектен тыс қайталама жалпы жиналысында, палатаның бюджеті қабылданды. Палатаның тексеру (ревизия) комиссиясының 25.01.2021 жылғы актісіне сәйкес, оcы ақша қаражатының кірісі мен шығысының бюджетке сәйкестігін анықтаған
(акті жалғанды). Палатаның 26 ақпан 2021 жылғы жалпы жиналысымен палатаның барлық органдары есеп беріп, оның ішінде қаржылық есептілігі және ағымдағы жылдың бюджеті бекітілді (хаттама тіркелді).
Жарғы және заң талабы бойынша палатаның уәкілетті органы Әділет министрлігі болып белгіленген. Палатаның қызметін бақылаушы орган болғандықтан, Қызылорда облысы Әділет департаменті палатаға жоспарлы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізіп, 2018 жылдың 4 желтоқсаны мен 2020 жылдың 1 тамызы аралығында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңның талаптарының сақталуы тексерілді.
Палатаға қатысты, бұл мақалаға дейінде, М.Ахметовтің атынан: ҚР Президентіне, Елбасына, Президент әкімшілігіне, Әділет министріне, Бас
прокурорға, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Ішкі істер министріне, Облыстық әділет департаментіне, Қызылорда облыстық сотына, Қызылорда қалалық сотына, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына, Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына, Қызылорда ішкі істер басқармасына және палатаға осы күнде отызға жуық, неше түрлі арыз, шағым, хабарлама, талап арыздар және шағым хабарламалар жазылып келеді (қосымша тіркелді). Аталған органдардан арыз иесіне тиісті жауаптар берілгеніне қарамастан, бұндай арыздар тоқтар емес.
Бір қызығы, Қызылорда облысының Әділет департаментінің шығ. №3-12/6533 санды 18.09.2020 жылғы хатымен, палата атынан рәсімделген, палата төрағасы М.Ахметов деп қол қойылған ілеспе хат және 08.09.2020 жылғы хаттама жолданып, палатаның мөрі мәселесі бойынша құзырлы органдарға жүгіну құқығы түсіндірілген (хат тіркелді). Аталған хаттамаға сенсек, жиналысқа 6 адам қатысып, күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралған, оның ішінде, палата төрағасының және алқалы басқару органының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы, алқалы басқару органын жаңа құрамда сайлау туралы және М.Ахметовті палатаның төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылданған. Аталған хаттамаға М.Ахметов деп қол қойылып, палатаға тиесілі емес мөр басылған (хаттама тіркелді). Қызылорда облысының Әділет департаментінің шығ.№3-12/6979 санды 02.10.2020 жылғы хатына сәйкес, М.Ахметов ұсынған 08.09.2020 жылғы хаттаманы тіркеуден бас тартылғандығы туралы палатаға хабарланған (хат тіркелді).
Жарғы және заң талаптарын сақтамай жалпы жиналыс өткізіп, палатаның рұқсатынсыз, сенімхатсыз, құрылтай құжаттарынсыз мөр жасаған және жасатқан тұлғалардың әрекеттерінде, хаттамаға палатаның рұқсатынсыз басылған мөрдің заңдылығын зерделеп, құқық бұзушылық бар жоғын анықтауды сұрап, Қызылорда қаласы Полиция басқармасына арыз жазылды. Қызылорда Полиция басқармасының шығ.№1- 4/1613 санды 13.10.2020 жылғы хатымен, белгісіз адамның іс әрекетінде ҚР ҚК-нің 385 бабының 1 бөлігінде қаралған қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болуына байланысты қылмыстық іс тіркелгендігі хабарланды (хат тіркелді).
Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының бұрынғы төрағасы, бүгінде отставкадағы судья М.Ахметов, палатаның басшы құрамына қатысты негізсіз айыптап, заңсыз ақша жинап отырғандарын, палатаның шотына түскен 25 миллион теңге көлемінде ақша
қаражатын жымқырып отырғандарын көрсетіп тергеу органына еш дәлелсіз, негізсіз арызданған. Осы арыздар негізінде тергеу органы ҚР Қылмыстық
кодексінің 194, 250, 450, 190 және 385-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, кейіннен біріктірілді. Әрине, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты, қылмыстық қудалаудан бас тартып, қылмыстық істі өндіріспен тоқтату туралы 22 желтоқсан 2020 жылы қаулы
шығарылған, қаулы заң күшінде (қаулы жалғанды). Ендігі тұста, М.Ахметовке қатысты палата мүшелерінің шағымы облыстық соттың жалпы отырысында қаралып, ҚР Жоғарғы Сот кеңесінің жанындағы сот жюриіне жолданған. (Шағым, облыстық сот хаты тіркелді).
Қызылорда облысы бойынша
заң консультанттары
палатасының мүшелері 

Комментарий