Жаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

«Сот өмірінен бір күн»

⚜️Сіздер болмасаңыздар біз не істер едік…
…Мереке алдындағы «Сот өмірінен бір күн» айдарының бүгінгі кейіпкерлері біздің ұжымның үш маңызды мүшесі.
✅ Таныса отырыңыздар. Бибігүл Тұрсынқызы Көдекова қалалық сотта 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол достары Советхан Ахметқызы Сарқытбаева және Жанат Абдуллақызы Мырзатовамен бірге қалалық сот ғимаратының тазалығы пен ұқыптылығына жауап береді.
🎉 Мереке алдындағы көңіл-күйлері қандай екенін сұрадым. Олар «Керемет!» деп жауап берді. Бәрі бірауыздан өздерінің ұжымдағы еңбегі бағаланып, барлығына риза екенін бір-бірімен қабаттаса айтып жатты. Сот басшылығы оларға адал еңбегі үшін Алғыс хат табыстады.
☑️ Өздерінің айтуынша, қалалық сот екінші үйлеріне айналған. Олардың көз алдында ұрпақ ауысты. Тәжірибе мен білім жинақтаған жастардың кейбірі судья, прокурор, төраға деңгейіне көтерілді.
✔️Алдарынан кездесе қалса, жастардың сәлемдесіп, қалдарын сұрап, жағдайларына қызығушылық танытатыны қуантатынын айтады.
📝 Техперсоналдың жұмысы қатаң кестеге бағынады: бірінші ауысым таңғы 7.00-де, екіншісі-17.00-де жұмысқа кіріседі. Әрқайсының бекітілген өз учаскесі бар. Жұмыс – ашылмаған өңір сияқты. Советхан Ахметқызы карантин кезеңінде оларға жеңілдік берілмегенін атап өтті. Аптасына екі рет дезинфекциялаушы топ келіп, өңдеу жасалып болғаннан кейін ғимарат желдетіліп, бөлмелер мұқият жуылып, санитайзерлердің бос тұрмауын қатаң бақылау керек. Карантин кезінде мұндай сақтық шараларынсыз қадам жасауға болмайды.
📌Әр қабаттың иесі болып кеткен олар персоналдың жұмыс сапасын, тазалау құралдарының уақтылы толықтырылуын бақылайтын шаруашылық меңгерушісі Нұрбол Байысбаев турасында жылы лебіздерін білдірді.
▪️Бұл кішігірім ұжымның кішкентай дәстүрі бар – олар түскі асқа шай ішу үшін жиналады. Бұл дәстүр олар үшін қасиетті. Күнделікті жаңалықтарды талқылауға, ойнап күлуге немесе қиын кездері бір-біріне қолдау көрсетуге болатын сәт. Бірге жұмыс істеген жылдар оларды туған бауырдай жақындастырды.
▪️Күнделікті бірқалыпты өмірде және күйбең тіршілікпен жүріп, бүгінгі өміріміз мінсіз деуге келмес, бірақ біз өзімізді бақытты адамдар қатарына жатқызамыз, – дейді олар. – Себебі, әрқайсымыздың бізге қуаныш пен шаттық сыйлайтын, күш-қуат беретін отбасымыз, балаларымыз, немерелеріміз бар. Иә, әрине, қиындықтар да болып тұрады, бірақ шыдамдылық қажет. Ең бастысы – үмітсіздік танытпау, жақсылық жасау және қандай жағдайда да адам болып қалу.
💭Міне, олардың философиясы осындай.
Күн сайын олардың жан-тәнімен және шын ниетімен орындайтын қажырлы да қарапайым жұмысын көріп, шынымен де бұл дүниеде адамға әр беретін нәрсе – оның орны екенін түсінесің! Кез келген жерде және салада кәсібилік құрмет тудырады.
💐Көктем мерекесі құтты болсын, құрметті әйелдер! Қуанышты, шуақты күндеріңіз көп болсын!

Комментарий