Жаңалықтар | Новости

Жағдай нашарлады – Алматы әкімдігі

Алматы қаласы әкімдігінде коронавирусқа қатысты жағдайдың нашарлағаны туралы айтылды. Осыған байланысты карантин шаралары сақталуына бақылау күшейтілетіні хабарланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров аудан әкімдіктері басшылығына мониторингтік топтарды көбейтуді тапсырды.

“Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметіне сәйкес, инфекцияның репрезентативтік коэффициенті бірліктен жоғары және соңғы 7 күнде коронавирус жұқтыру көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 47,5 адам болды.

Жаңа тіркелген жағдай бойынша көрсеткіштің 23 пайызы сауда орталықтары мен сауда үйлеріне, 22 пайызы қоғамдық көліктерге тиесілі”, – деді әкімдікте.

Алматыда әуежай аумағында санитарлық нормалар сақталуына ерекше назар аударылады. 6 наурызда халықаралық рейстермен келген 517 адамда анықтама болған жоқ. 9 наурызға қараған түні анықтамасы жоқ 200-ден аса жолаушы келді.

Сондай-ақ, санитарлық нормаларды бұзған кафелер мен мейрамханалар анықталды.

“1 наурыздан бастап мониторингтік топтар 800-ге жуық нысанды тексерді, олардың 67-сінде карантин шаралары бұзылғаны анықталды. Анықталған заң бұзу дерегі бойынша заңды және жеке тұлғаларға 8,2 миллион теңгеден аса сомаға 100-ден аса әкімшілік хаттама толтырылды. Карантин шараларын жүйелі түрде бұзғаны үшін сотқа тоғыз материал жолданды: “Мята” лаунж-бары, “Мята” бары, “Поем” караоке-клубы, “Лейла” кафесі, ЖК ТОПАЗ лото-клубы, “Avangard” ойын клубы, “Bacha” бары, “Baqsarai” банкет залы, “Зияева” ТҮК.

Алматы әкімдігі тұрғындарды карантин шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Кейінгі тәулікте Алматыда коронавирус жұқтырудың 160 жаңа жағдайы анықталған.

Комментарий