Жаңалықтар | Новости

Астанадағы карантин: жаңа қаулы жарияланды

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мектептер үшін 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мыналарға рұқсат етіледі:

  • Оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын дәстүрлі форматта оқыту;
  • 2021 жылы 1 наурыздан бастап мектепалды сыныптардың оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептерде, 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын аралас форматта оқу;
  • бітіруші сыныптар үшін (9, 11 (12) сыныптар) аптаның 6 күнін аралас форматта оқыту: пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызын қашықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, “1-сынып – 1 кабинет” қағидаты бойынша оқыту.

Комментарий