Жаңалықтар | Новости

Биліктегі әйелдер үйде де бұйрық береді. Рас па?

Қазақстан  биліктегі әйелдер аз мемлекеттердің бірі. Десе де соңғы жылдары бұл тізімдегі бұрымдылардың үлесі артқан. Түздің де үйдің де жүгін бірге арқалап жүрген нәзік жандар елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық салаларда белсенді. Сонда олар жауапты жұмыс пен үйдегі бала-шағаның қамына қалай үлгереді? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде мемлекеттік қызметте 50 мың әйел заты жұмыс істейді екен. Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік қызметшілердің жартысынан астамын нәзік жандылар құрап отыр. Жетекшілік рөлде  бұрымдылардың  үлесі  40 пайыз болса, оның 29 пайызы  жоғарғы  лауызымды қызметте.

Анар ЖАЙЫЛҒАНОВА, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

«Мына жақта басқаша, үйде міндетті түрде есіктен кіргеннен бастап өзінің аналық функцияңды орындайсың!»

Соңғы жылдары министр, әкім әйелдер де көбейіп келеді. Сандарға сенсек, үкіметтегі ханымдардың үлесі 8 пайыз, ал әкімдіктерде шамамен  260 келіншек жұмыс істейді екен.  Оның ішінде 98 пайызы елді мекендерде әкімі болып отыр. Ал 2020 жылы алғаш рет облыс әкімдігіне әйел адам тағайындалды.

Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА, Қызылорда облысының әкімі

«Әйелдер қауымының белсенді ат салысатынан мен сенімдімін. Ең алыдмен олардың экономика саласындағы белсенділігі маңызды екенін атап өтуіміз керек. Елімізде әйелдердің әлеуметтік қызметін арттыруға ресурстар жеткілікті».

Үйдің де түздің де жүгін бірге арқалап жүрген қыз-келіншектерді мемлекет басшысы  Қасым- Жомарт Тоқаев халықаралық әйелдер күнімен  құттықтады.  Мемлекет басшысы қазақстандық аруларыдың ел экономикасына қосып жатқан үлесін жоғары бағалайтынын айтып, отбасыларына амандық тіледі.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті

«Бүгінде еліміздің қыз-келіншектер түрлі салады қызмет етуде. Ол іскерілкапен.белгісі…нақты шаралар қолға алынды. Басшылық әйелдердің көбейіп келеді, парламентте сіздерге квота берілді. Баршаңызды алдағы Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсауылқ, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін».

Айта кетейік, еліміздегі әйелдер қауымы өзге де салаларда да белсенді. Мәселен 11,8 пайызы ауыл шаруашылығында, 11,6 пайызы өндірістік салада, ал 76,6 пайызы қызметтік салада жұмыс істейді екен. Соның ішінде алғашқы үштікті бастап тұрған сауда саласы, онда 19,4 пайыз. Ал білім саласында арулардың 19,2 пайызы қызмет атқарады екен. Ал үштікті 8,6 пайызбен денсаулық сақтау саласы аяқтап тұр. Ал әйелдер қауымының ең аз көрсеткіші қалдықтарды басқару саласында екен. Бар болғаны 0,7 пайыз.

Комментарий