Құқық | Право

ШҚО-да қар құрсауында қалған 10 балықшы эвакуацияланды

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының құтқарушылары қар құрсауында қалған 10 балықшыны эвакуациялады.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, дауылды ескерту жарияланғанына қарамастан Ұлан ауданындағы балықшылар 3 көлікке мініп Каменская су қоймасына бет алған. Сөйтіп олар қар құрсауында қалып қойды.
«Оқиға орнына құтқарушылар арнайы техникамен келіп жетті. 10 адам эвакуацияланып, үш көлік жолдың қауіпсіз бөлігіне жеткізілген. Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ», — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді. Егер жолда қиын жағдайға тап болсаңыз дереу «112» нөміріне хабарласу қажет.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Комментарий