Жаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

Ресейден көлік алмақ болған семейлік алаяққа 3 млн теңгеге жуық ақша берген

Семей қаласының тұрғыны арзанға көлік алмақшы болып, алаяқтың арбауына ілікті.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған 52 жастағы ер адам бейтаныс біреудің өзін алдап соққанын айтқан. Белгілі болғандай, алаяқ жәбірленушіге Ресей Федерациясынан «Land Cruzer» автокөлігін нарықтағы бағадан әлдеқайда төменге айдап әкелуге уәде берді. Бұған сенген азамат оған 2 800 000 теңгесін бере салған.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері 38 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Комментарий