Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда тұрғын үй бағасы ақпанда қайта өсе бастады – Ұлттық статистика бюросы

Қазақстанда тұрғын үй бағасы 2021 жылдың ақпанында өсуін жалғастырды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының хабарламасында айтылған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Бір айда (2021 жылғы ақпан 2021 жылғы қаңтарға) абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 3,1 пайыз, жаңа тұрғын үйлерді сату 1,2 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6 пайызға жоғарылады”, – делінген хабарламада.

2020 жылы бастапқы нарықтағы тұрғын үй 5 пайызға қымбаттаған. Ал 2021 жылы қаңтар-ақпанда бағалар 4,2 пайызға өсті.

Қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы 2020 жылы 13,2 пайызға, 2021 жылдың екі айында 8,2 пайызға көтерілді.

Қазақстан бойынша жаңа үйлердің бір шаршы метрінің орташа құны – 322 968 теңге.

 

 

Комментарий