Жаңалықтар | НовостиҚоғам | Общество

Есепте тұрған азаматтар арасында спорттық шара өтті

Шиелі аудандық пробация қызметі, аудандық жастар ресустық орталығымен бірлесіп,  аудандық полиция басқарамасының спорт алаңында пробация қызметі есебіндегі сотталғандар арасында кіші футболдан, қол күрестен жарыс ұйымдастырды.

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған және түзеу мекемелерінен босатылған сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, қоғамға бейімдеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру,дәріптеу  мақсатында өткізілген жарысқа есептегі 25 сотталған қатысты. Қатысушылар арасында қол күрестен қарсыластарын күшінің мығымдығымен  басып озған А., есімді азамат І орын алса, ІІ,ІІІ орынды С және Б есімді азаматтар өзара бөлісті.

«Пробация есебіндегі азаматтармен түрлі деңгейлердегі спорттық жарыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып  тұрамыз. Бүгінгі шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді.Салауатты өмір салтын ұстануға  бағытталған игі шаралар да алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады» – деді аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Қ.Байгенжеев.

Шара соңында ойыншылар арасынан үздіктер анықталып, жарыс ұйымдастырушыларының дипломдарымен марапатталды.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Комментарий