Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда электр энергиясын қымбаттату жоспарланды

Энергетика министрлігі электр энергиясының тарифтеріне өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасын дайындады. Онда тарифтерді 2021 жылдан бастап көтеру ұсынылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 2020-2025 жылдар аралығында тариф бірдей болған. Ал ұсынылған кестедегі тарифтер мынадай:

Ақпарат бойынша, министрлікке 37 энергия өндіруші ұйымнан (ЭӨҰ) шекті тарифтерді арттыруға өтінім түскен.

Құжаттағы ЭӨҰ шығындарының өсуіне әсер ететін негізгі факторлар:

  • жаңартылатын энергия көздері үшін жыл сайын өсіп келе жатқан үстемеақы;
  • курстық ауытқуларға ұшыраған импортталатын материалдар мен қосалқы бөлшектерге шығындардың ұлғаюы (қазандық-турбиналық, сорғы, күл ұстағыш);
  • бағамдық ауытқуларға ұшыраған импортталатын материалдар мен қосалқы бөлшектерге (қазандық-турбина, сорғы, күл ұстағыш жабдықтар және т. б.);
  • “Богатырь Көмір” ЖШС көмір құнының өсуі.

“Құжат бекітілген уақыттан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап электр энергиясына шекті тарифтер өзгереді”, – делінген бұйрық жобасында.

Бұйрық жобасы “Ашық НҚА” сайтында жарияланды, ол 25 наурызға дейін талқыланады.

Комментарий