Жаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

ҚАЖ департаментінің бастығы нәзік жандарды мерекемен құттықтады

Нәзік жандылар бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақанымен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігері, шаңырақтың ұйытқысы.Қазіргі таңда нәзік жандылар барлық жауапты қызметтерде ер  азаматтармен бірдей қызмет атқарады. Бүгінгі таңда қиындығы мен қызығы қатар жүретін Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде  нәзік жандылар  антына  адал, абыройлы қызмет етуде. «8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай, ҚАЖ департаментінің бастығы әділет подполковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы және Ардагерлер кеңесінің  төрағасы Жамуров Серікбай Қойшыбайұлы ерлермен иық тіресе қызмет атқарып жүрген нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де, қуанышты мезгілі – көктемнің алғашқы мерекесінің бірі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға өмірде кездесетін қиындықты жеңе білу үшін сарқылмас күш-жігер, қажымас қайрат пен келешекке деген сенімділік тілеймін. Алдағы уақытта да қоғамымыздағы тұрақтылық пен ынтымақтың кепілі, жасампаз істердің дем берушісі болып қала беріңіздер! Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін!»,- деп ізгі тілегін жеткізді Департамент бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлы.

Шараға Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан ардагер апаларымыз С.Баймурзаева, С.Абдамитова, С.Дарибаева шақырылды.

Мерекелік  шарада ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың құттықтау жеделхаты оқылып, өз қызметтік міндеттерін адал атқарып, жақсы жетістіктерге қол жеткізген департаменттің қыз келіншектері марапатталды.

Марапат төрінен көрінген Қылмыстық- атқару жүйесі саласында  қызмет атқаратын қыз келіншектер қауымын «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтап, отбасыларына амандық, қызметтеріне жемісті табыс тілейміз.

 

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті

Комментарий