Жаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті әйелдер қауымы, әріптестер!
Қазақстан Республикасы Судьялар одағының атынан Сіздерді 8 Наурыз әйелдердің халықаралық мерекесімен құттықтаймын!
Дана халқымыз «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» – деп бекер айтпаса керек. Қазақстан қоғамында әйелдер ең алдымен аяулы ана, сүйікті жар, кәсіби маман және жауапты лауазым иесі. Сондықтан әйелдер ерлермен қатар жауапты мамандық таңдап – Заң мен әділеттілікке адал қызмет етіп келеді. Біздің елімізде тәуелсіздік жылдарында әйелдердің әлеуетін тиімді пайдалануға, тәжірибесін, білімі мен мүдделерін ескере отырып, еңбек қызметінің барлық салаларында оларға тең жағдай жасауға бағытталған гендерлік саясат саласында көп жұмыс атқарылуда. Осының арқасында әйел саясат пен мемлекеттік басқару ісіне белсене араласып, бизнеспен сәтті айналысуда. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында гендерлік теңдік мәселелері ең маңызды әрі өзекті болып қала береді. Себебі әйел – отбасының тірегі, демек мемлекеттің де тірегі. Отбасылық құндылықтарды, отбасы және ана институтын қорғау үшін құқықтық база нығайып, отбасылық-демографиялық саясатта көзқарастар өзгеруде. Құрметті аналар мен арулар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, баянды бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!
Ізгі тілекпен,
Сәкен АБДОЛЛА,
Қазақстан Республикасы
Судьялар одағының төрағасы,
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы

Комментарий