Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда тағы бір мереке күнін белгілеу ұсынылды

Қазақстанда жаңа мереке – Халыққа қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күнін бекіту ұсынылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандағы мерекелік күндер қатары толығуы мүмкін. Жаңа мереке – “15 сәуір – Халыққа қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні”. Үкімет қаулысының жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды.

Құжат жобасын жария талқылау 25 наурызға дейін жалғасады.

Айта кетейік, мемлекеттік мереке күндері ғана демалыс күні болып саналады.

Сондай-ақ, Қазақстанда Спорт бапкері күнін атап өту ұсынылғаны хабарланған еді.

Комментарий