Жаңалықтар | Новости

Сенат Жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босатты

Парламенттің жоғарғы палата депутаттары Жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босатуға дауыс берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босату туралы Президент ұсынысын қарап, дауыс берді.

“Комитет Сенатқа Анатолий Сергеевич Смолинді басқа лауазымға тағайындалуына және Серік Қазбекұлы Абнасировты отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы қорытынды жасады”, – деді Сенат отырысында депутат Владимир Волков.

Сенаторлар да оларды қызметінен босатуға дауыс берді.

Комментарий