Жаңалықтар | Новости

“Мен сияқты жігітке ұяттау нәрсе, бірақ тығырыққа тірелдім: Алмат Сақатов халықтан көмек сұрады

Қазақстандық актер Алмат Сақатов әпкесінің баласы үшін көмек сұрады. Актер жиенінің емі үшін көпшіліктің көмегіне мұқтаж. Сақатов кешірім сұрай отыра халықтан қол ұшын созуды сұрады, деп жазады stan.kz.

“Ассалаумағалайкум! Ардақты ағайын! Заман түзуде ешкімге қол жайып көрмеп едім. Әпкемнің жылағаны ауыр тиді. Сырттан қарағанда өміріміз гүлдей. Бір жыл той тоқтап, концерт тоқтағалы осындай дәрежеге әкеліп соқты. Көмек сұрағанның бәріне көмектесе алмасақ та, бірталай адамға қол ұшын беріп едім. Көп емес жүз теңге салсаңыздар да тәубә.

Кешіріңдер! Көмектесем деген ағайын болса, нөмірі мынау – 87026388897.Ел аман жұрт тыныш болсын. Айналайын ағайын! Балаларыңыз ауырмасын! Әр түскен ақшаның түбіртегін жариялап отырам.Ұяттау нәрсе мен сияқты жігітке. Бірақ тығырыққа тірелдім. Не істеймін?”, – деп жазды Алмат Сақатов.

Желідегі оқырманы актерді қолдап, шипа тіледі.

“Ассалаумағалейкүм, аға! Ұят ешнәрсесі жоқ, Алладан келген дерт, Алла шипасын берсін! Егер шын мәнінде Алладан пәрмен келсе Ханда бір секундта құлға айналады. Сол себепті ешқашан мойымаңыздар. Балапан ертең- ақ сауығып ел дейтін ер азамат болып өссін”, “Алла шипасын берсін! Алла жар болсын”, “Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың жәрдемі болсын!”, “Дұрыс аға, ешқандай айып емес. Жиен балаңыздың денсаулығы түзелсін”, “Алла шипасын берсін”, – деп жазды олар.

Актер тілек білдіргендерге алғысын айтты.

“Аман есен болыңыздар, жақсылар! Өткенге ренжуге болмайды! Бірақ өкініш бар! Неге сол кезде тірлік жасамадым! Неге уақыт өткіздім босқа!! Жас бауырларыма айтарым, отырмаңдар, уақыт сені тосып тұрмайды!! Көмек беріп, ат салысқандарға мың алғыс!! Жақсы сөз айтып рухтандырып отырғандарға мың алғыс! Аман-есен болыңыздар!”, – деді актер.

Комментарий