Жаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

Облыстық сотта «Судья әдебінің Кодексі» талаптарын түсіндіру бойынша семинар өтті

Батыс Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалының сот әдебі жөніндегі комиссиясының жұмыс жоспары бойынша семинар өткізілді.

Семинарға аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары бейнеконференц байланысы арқылы қатысты.

Семинар барысында модераторлар облыстық соттың судьялары Л.Ұстағалиева мен Т.Оразова Судья Әдебінің Кодексі қазақстандық судьялардың мінез-құлқының негізгі нормалары мен стандарттарын сот төрелігін жүзеге асыру кезінде және жұмыстан тыс уақытта жеткілікті түрде анық және нақты реттейтінін атап өтті.

Сонымен қатар, Кодекс ережелерін қолдану процесінде туындайтын әр түрлі өмірлік жағдайлар, тәжірибеде судьяның мінез-құлқының моральдық-этикалық нормалары мен ережелерін бұзу деп ненің танылатынын, ненің бұзу деп танылмайтынын жан-жақты түсіндірді.

Бұл түсіндірменің мақсаты кодексті тәжірибеде дұрыс түсіну және оның ережелері мен нормаларын қолдануды, судьяның жауапкершілігі туралы ережелерін басқаша түсіндіруді болдырмауды көздейтінін атап өтті.

Кодекстің нормалары азаматтардың Конституциямен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және сот төрелігіне қатысты халықаралық актілермен көзделген құқықтарын еркін жүзеге асыруға шектеу қоймайды. Судья қоғам мүшесі ретінде азаматтың барлық артықшылықтары мен құқықтарын пайдалануға құқылы. Судьялар қауымдастығына жататындықтан және осы Кодексте жазылған ұсыныстарды ұстана отырып, айрықша лауазымдық мәртебені және сонымен байланысты мінез-құлық шектеулерін еске салатынын айтты.

Сондай-ақ, сот төрелігін іске асырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сот отырыстарын өкізу кезінде аудио-бейнежазбаның пайдаланылуын бақылау қорытындылары жөнінде айтылды.

Семинар соңында қатысушылар, пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

Комментарий