Жаңалықтар | НовостиҚоғам | Общество

ГИПЕРМАРКЕТТЕРДІҢ САУДА САЯСАТЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ ҚЫМБАТТАУЫНА СЕБЕПКЕР БОЛДЫ

Маңғыстау облысында азық-түлік бағасы күрт қымбаттап барады. Оған гипермаркеттер мен супермаркеттердің сауда саясаты себепкер болып отыр. Өйткені алып сауда орталықтары тауар өндірушілерден бірнеше төлемді талап етеді. Бәсекелестікті қорғау және даму департаменті осылай деп мәлімдеді.
Гипермаркеттер мен супермаркеттер тауар өндіруші мен жеткізушіге бірнеше шарт қойған. Сөрелер мен орын ақысы, жарнама ілу құны, акцияға қойылған тауардың 5-12 процентін төлету, компьютерге азық-түлік тізіміне енгізу ақысы осылайша кете береді. Кәсіпкерлер бұл шығындарды азық-түліктің бағасына қосуға мәжбүр.
Азық-түлік компаниясының өкілі Жазира Жасұлан:
-Біз азық-түлікпен айналысатын компаниямыз. Тауарларымызды гипермаркет, супермаркеттерге қояйық десек, 2-3 түрлі төлем сұрайды. Бізге тек аренда полк төлетсе. Сонда халыққа да, бизнеске де қиын болмайды. Тамақ бағасы қымбаттамайды.
Мұндай төлемдер жасату заңға қайшы. Кәсіпкерлерді қанау екен. Құзырлы орган өкілдерінің араласуымен еліміздің бірқатар өңірлерінде осы мәселе шешімін тапқан.
“Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңды бұзу бойынша нұсқама енгізу жоспарлануда. Мұның нәтижесінде сауда объектілері сауда саясатын, ішкі жүргізу саясатын толық өзгертуі міндетті болып табылады. Өйткені қазіргі саясаты заңға қайшы болып келеді”,- дейді Маңғыстау облысы бәсекелестікті қорғау және даму департаментінің бөлім басшысы Бақтияр Тұраров.
Енді гипермаркеттерден осындай теперіш көрген кез-келген іскер тиісті органға шағымдана алады. Бұл жергілікті тауар өндірушілер мен отандық өнімнің нарыққа шыдас беріп, бәсекелестік туғызуы үшін аса қажет.
Жазира Қуанышбекқызы

Комментарий