Жаңалықтар | Новости

Қазақстанның қай өңірінде тағы қар жауады?

Қазақстанның бес облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 наурызға ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Қазгидромет” РМК орталығына сілтеме жасап. 

Дауыл туралы ескерту мына өңірлерде жарияланды:

  • Қостанай облысында. Мұнда кей жерлерде тұман түсіп, боран соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.
  • Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Батыстан соғатын желдің жалдамдығы күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
  • Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, қар жауады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Өскемен мен Семейде желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.
  • Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.
  • Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Бұған дейін “Қазгидромет” синоптиктері наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтқан еді.

Комментарий