Экономика

МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАРАЖАТЫН ҚАЛАЙ ЖҰМСАП ЖАТЫР?

Маңғыстау облысының тұрғындары зейнетақы қорындағы қаражаттарын емделу мақсатына жұмсай алмай отыр. Қаражаттар тек баспана алу үшін кедергісіз игерілуде. Қазірдің өзінде тұрғын үй алуға үмітті 25 мыңнан астам адамнан өтініш түскен.

Маңғыстаулық салымшылар өз қаражаттарын емделу үшін жұмсай алмай отырғандарына наразы. Соның бірі Лаура Тындырғанова. “Менің зейнетақы қорымнан артылып тұрған ақша пәтерге , болмаса қомақты затқа жоқ. Қуанып едім, балама жоспарлы емі бар. Енді бұл әлі мүмкін емес,”- дейді ол.
Денсаулық мақсатына қаражаттың әзірге бөлінбеуіне арнайы базаның жасақталмауы себеп дейді мамандар. Ал, пәтер жайында сөз басқа. Қаражаттарын тұрғын үйге салуға өтініш берген 25 мыңнан астам тұрғынның 75%-і мақұлданған. Солардың бірі- Гүлбану Балғабаева. Пәтер жалдап қиналып жүрген көпбалалы ана, армандаған баспанасына қол жеткізіп, қуанышында шек жоқ. Оның айтуынша, жолдасының жинақ қорына 19 млн тг жиналған Соның 15 млн тг өтініш беріп, сол арқылы 3 күнде ақша түсті. Ешқандай қиындығы жоқ. Бәрі оңай Кем дегенде 15 күн кеткен.
Ал, өтініштердің 25% кері қайтарылуына бірнеше себеп бар. Олар: жинақ мөлшерінен асыра көрсетілген, табыс салығын төлеу тәсілі дұрыс таңдалмаған, салымшылар өтінішті бірнеше рет берген.
“22 ақпандағы есеп бойынша 25 мың 338 өтініш түсті. Оның қаражаты 146 млрд тг асады. Оның 17 мың 525 өтініш мақұлданды. Тағы 1299 өтініш қаралу үстінде,”- деді «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ МОФ бөлім басшысы Айдана Бекмағамбетова.
Тұрғын үйден үмітті маңғыстаулықтардың 37% ипотекалық қарыздарын толық немесе ішінара өтеуге ниетті.
«Отбасы банкі» АҚ бизнесті дамыту бөлімінің маманы Айдын Әженов:
-26% ипотекасыз баспана алуға таңдап отыр. Бір жолғы қорды туысына табыстау 20% құрайды. «Отбасы банкі» арқылы ипотека рәсімдеу 8%, басқа екінші деңгейлі банктермен 4%, сатып алу құқымен үйді жалдау шарты бойынша берешек өтеу 2%, тұрғын үй салу 2%, рефинансирование 1% құрайды.
Тұрғындардың зейнетақы қордағы табыстары көбіне пәтер алуға жеткіліксіз. Сондықтан да қаражаттарын емдеуге жұмсауды көздейді. Енді тұрғындар осы бағыттағы мәселенің тезірек шешілуін қалайды. Жазира Қуанышбекқызы

Комментарий