Жаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

Заңгер жанұясындағы  жаймашуақ күн

 Адам  таңдаған мамандығына беріле еңбек еткенде сол кәсібі өмірін түрлендіріп, асқақ арманына, биік мақсатына жетелегенін сезінуінің өзі бір бақыт емес пе?!. Рас, әркімнің өз бағыты, бағындырар биігі болады. Десек,сол биігіне көтеріліп көңіл хошын аша білген жандардың бірі —   Көліктегі полиция департаменті Алматы 1 ст.   желілік  полиция басқармасы жедел криминалистикалық бөлімшесінің криминалисі Салтанат Талғатқызы Шайхисламды айтып, қазақтың қайсар қыздарының қатарына қосуға лайық.

Заңгерлік мамандықты жүрек қалауымен таңлап, әке жолын қуып, биік шыңды бағындыра білу оның табандылығын танытқаны анық. Басты себеп құқық қорғау органы  қызметкерлері отбасындағы тәрбие мен тәртіпке бағына  білді. 2009 жылдың маусымында   еңбек жолын қабылдап-таратушы полицейі ретінде бастап, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды.  2015 жылдың тамызынан Көліктегі ІІД Алматы-1 станциясындағы ішкі істер  желілік басқармасының жедел-криминалистикалық бөлімшесінің криминалисі болып  тағайындалды.

-Есте қаларлық сәтім, алғаш  оқиға орнына шығып, көлік қағып қаза  болған адам мәйітін көруім еді.Қызметім  батырлықты,ішкі әлемді жеңе білуді, салқынқанды болуды талап ететіндіктен кәсіби дағдыға бейімделудемін.Себебі, зерттеу және техникалық жабдықтардың дамуы бір орында тұрмайды. Оқиға орнынан іздерді анықтау, бекіту және жою, тереңдете зерттеу  төл міндетім.  Жаңаша ойлау, тың  әдістер табу үшін  заманауи технологияны меңгеру қажет. Өйткені,ол уақыт талабы.Криминалист жұмысы қылмысты ашуда өте маңызды, себебі қылмыс орнынан алынған айғақтар мен салыстырмалы зерттеу нәтижелері оң болса  маңызды дәлел болып саналады. Негізі  криминалистика —  өте қызықты және үнемі дамып келе жатқан ғылым» — деді  Салтанат Шайхислам.

Қорыта айтқанда, әйел затын нәзік жандылар деумен шектелмей әр кез ер азаматтармен тең атқарып жүрген қызметін де көрсете білсек нұр үстіне нұр болады. Біле білсек, қол бастаған батырды  да, сөз бастаған  ақынды  да өмірге әкелетін айел Ана емес пе?!Біздің кейіакеріміз сыртта ер азаматтармен тең қызмет атқарса үйде абзал ана. Бала  сүйіп, жанұясына бақыт сыйлап отыр. Бұл заңгердің жаймашуақ күндері болып жүректе сақталары хақ.

Гүлдархан Бекемқұлова,

Алматы 1 ст. Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының жетекші маманы.    

    

Комментарий