Аптадағы сұхбат | Интервью неделиЖаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

Кирилл ДЕСЯТНИЧЕНКО, Қызылорда облысы жеке сот орындаушыларының Өңірлік палата басшысы: “ТӘРТІПТІ АДАМ ӨЗІНЕН ТАЛАП ЕТУІ КЕРЕК”

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА

 Десятниченко Кирилл Викторович 1981 жылы 23 ақпанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген. Ә.Тәжібаев атындағы №36 орыс мектебін бітірген. «Болашақ»  университетінде заңгер мамандығын меңгерген. 2003 жылдан бастап, атқару құжатын орындау саласында еңбек етіп келеді. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының жанындағы Соттар Әкімшісінің төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Әр жылдары «Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медальімен, «Атқару құжаттарды орындау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальімен наградталған. Отбасылы, бір қыз тәрбиелеп отыр.

− Кирилл алғашқы сұрағым, сіз қазақ тілін кімнен үйрендіңіз?

Ұлтым орыс болғанымен, анам қазақ. Қазақ қызынан туылып, тәлімін алып өскен соң, қазақ тілі − менің ана тілім деуге болады. Аралас отбасы болғанымен үйде қазақ тілінде сөйлесетін едік. Ауылда қазақ балалармен ойнап өстік. Еркін өйлеуіме осы өскен ортамның әсері мол болды. Қазір маған орысша сұрақ қоятындар бар. Қазақша жауап қайтарсам таң қалады. «Сізді орыс екен деп қалдық» дейді. Қызылорда қазақылықтың ата мекені. Бізде өзге ұлт өкілдері қазақ тілін жетік меңгерген. Қай мемлекеттің азаматысың, сол мемлекеттің тіліде сөйлеу білу міндет.

− Жек сот орындаушылар институтын дамыту жолында қандай қарқын бар?

− Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» атты бес институционалдық реформаны жүзеге асыру көптеген іс-шаралар атқарылып келеді. Әсіресе жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту, сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін бірден қысқарту олға қойылуда. Ұлт жоспары жаңа бір серпіліс беріп, жеке сот орындаушылардың жүктемесі көбейді. Жеке сот орындаушылықпен айналысуыға лицензиясы бар азаматтар жеке сот орындаушы болуға ниетілер саны артты. Облыстан сайланған Парламент депуттарымен кездесіп, мәселелерді әрдайым талқылап отырамыз. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 26 маусымдағы № 349-VI Заңы қабылданды. Бұл өзгерістер мен толықтырулар жеке сот орындаушының жұмысын оңтайландырып, жауапкершлігігін арыттырды.

− Жылды қалай қорытындыладыңыздар?

− Заң алдында бәрі бірдей. Біздер, сот актісін орындау барысында көптеген тағдырларды көреміз. Борышкер басынан кешкенін түрлі оқиғаларды, сот шешімдерінен білеміз. Бірақ, амал қанша, сот шешім еткеннен кейін сот орындаушының мақсаты  − оны орындату, ал заңға кез келген азамат бағынуы тиіс. Біздің аймақта 70 жеке сот орындаушы бар. Өткен жылы облыстық жеке сот орындаушыларда 199 978 іс болды. Оның 12 326-сы  алимент өндіруге қатысты. Бұлардың 87 371 іс аяқталған, ал 59 567 іс нақты аяқталған. 2019 жылмен салыстырғанда 37 262 іс көп түскен. Өкініштісі сол, алимент өндіру ісі көбейген. Алимент орындамағаны үшін ҚК 139 бабына сәйкес 29 ұсыныс ішкі істер органдарына жолданған. Сот шешімін орындамағандар ӘК 669 баптың 1 тармағы бойынша  136 іс уәкілеті органға жіберіліп, 115-і қаралып, 73 іс бойынша айыппұл салынса, 39 істе жылжымайтын мүлгіне бұғат қойылған.

− Жек сот орындаушыларға көңілі толмайтындар да бар. Тәртібін бақылап отырсыздар ма?

− Әрине. Өткен жылы республикалық палада әдеп жөніндегі комиссия жұмысын бастады. Біздің облыста бұл міндет менің орынбасарым Жандос Оспановқа жүктелген. Былтыр 25 тәртіп комиссиясы өтті.Онда сот орындаушылардың үстінен түскен 725 арыз шағымдар қаралды. Нәтижесінде 228 тәртіптік шара көрілді. 2 сот орындаушының лицензиясын тоқтату туралы шешім шығарылды. Ұжым болған соң әрбір жиында, сот орындаушылардың тәртібін талап етіп отырамын. Неізі тәртіпт әр адам өзінен талап етіп отыруы керек. Сонда қоғамда тәртіпсіздік азаяды.

− Көбіне қандай шағымдар түседі?

− Шағымдарды талдадық. Негізінен істі уақытылы орындамау жеке сот орындаушылардың этикасы бойынша көңіл толмаушылықтарын білдреді. 214-і алимет өндіргісі келетін әйелдерден түскен. «Уақытылы алимент өндіріп бермеді немесе ісімді қарамай жүр» деген сарында. Біз барлық шағымды жеке қарадық.  9 іс өз дәлелін тапты.

 − Қаншама іс шешімін таппай тұр екен. Қадай кедергілер бар?

− Облыста орындауы қиындық туғызып отырған 316 алимент өндіру ісі тұр. Себебі 2 әке наркологиялық есепте тұр, қалғандарының не мүлік не жұмысы жоқ. Прократура, ішкі істер органдарымен бірлесіп борышкерлердің үйін аралау Жұмысы жүргізіледі. Үй аралау кезінде жолдасымен өтірік ажырасып,сот орындаушыларға бізбен тұрмайды деп жалған ақпарат берген. Көші-қон полициясы іздеп барғанда күйеуі үйінен табылған. Осындай жағдайлар көп.

− Пандемия салдарынан халықпен байланыс ажырап қалған жоқ па?

− Халықпен байланысты үзбеу мақсатында «facebook» әлеуметтік желісіндегі палатаның парақшасы арқылы тікелей эфирге шығып отырдым. Тұрғындардың сұрақтарына заң аясында жауап беріп, түсіндірме жүргіздім. Жазбаша сұрақ қалдыратын тұрғындар да бар. Біз дер кезінде жауап беріп, ашық жұмыс істеуге күш салудамыз. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Ең бастысы халықтың денсаулығы, бас амандығы сондықтан онлайн байланыс тиімділігін көрсетті. Әлі де жалғасын табуда.

− Бүгінгі қоғамда сізді қандай мәселе алаңдатады?

− Көптеген аналар да, әкелерде тұрмыс қамымен отбасылық құндылықтардан алыстап барады. Ата-анасының жалған ажырасқанын балалары біледі. Ажырасқан соң ұрыс керіс болмай тұрмайды. Ол жағдай да баланың көз алдында өтеді. «Қай істің болсын өнуіне үш шарт керек, ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң – тәртіп керек» деген жазушы Мұхтар Әуезов. Өкінішке орай, кей азаматтардың ниеті бұзылды. Бірі отбасын құруға құлықсыз, енді бірі баласының алдындағы әкелік жауапкершілігін сезінбейді, тіпті ер азаматын мүлде керек етпей отырғандар көбейді. Отбасының тірегі болар ерлеріміз осалдық танытпауы керек еді. Шаңырақтың алтын діңгегі аналар жалған сөйлеп, жабығуға мәжбүр болып жүр. Әйелдің ниеті бұзылмас үшін, тұрмыс тауқыметін бірге арқалап күш берер ері болуы керек, ері болмаған соң тәртіп те тізгіннен кетеді. Отбасынан береке кеткен соң, баланың болашағын кім ойлайды?

− Өмірлік ұстанымыңыз қандай?

− Адамгершілік. Адам болып өмірге келген соң адамдықтың асыл қасиеттерінен аспау.

− Неден қорқасыз?

− Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай, «Даңқ кiмнiң күлiп тұрса басында, Сатқындық та бұғып жүрмек қасында» Мен осы атқару құжаттарын орындау жүйесінде жүріп, көп сатқындықты көрдім. Сатқындық бар. Сақ жүру керек.

− Көп уақытыңыз жұмыста өтеді, бала тәрбиесіне кім көбірек көңіл бөледі?

− Бала тәрбиесіне ұдайы өзім араласып тұрамын. Қыз бала болғаннан кейін ананың тәрбиесі әлбетте қажет. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» демекші отбасында әкенің де, шешенің де тәрбиесін қатар болуы керек. Қызым жүзу әдісін жетік меңгеру үшін «Арай» спорт кешенінде денсаулығын шынықтырады.

− Алға қойған мақсатыңыз қандай?

− Мақсатым адал қызмет ету.

 

Әңгімеңізге рахмет!

 Сұқбаттасқан: Гүлбану МАҚАЖАН,

Қызылорда облысы

Комментарий