Қоғам | Общество

Нитраты екі есе көп: Сарапшылар Алматыда сатылып жатқан қауын-қарбыздың зиянды екені хабарлады

Алматы қаласының тауарлар мен қызмет көрсету сапасын бақылау және қадағалау департаментінің мамандары қалаға Өзбекстаннан және еліміздің оңтүстігінен жеткізілетін қауын-қарбыздың сапасын тексерді.

Евразия арнасының хабарлауы бойынша, қауын-қарбыздағы нитраттардың әсері адам денсаулығына елеулі зиян келтіруі мүмкін.

Мұндай уақытта қауын-қарбыз сату сатушылар үшін өте тиімді. Жемісті қымбатқа сатады. Бақша жемістері пайда болғалы бері, жылжымалы сауда нүктелері пайда болды. Егер олардың жемісінен улану жағдай болса, сатушыны сатып алған орыннан таба алмайсыз. Ешкімге шағым айта алмайсыз.

Сарапшылар ерте піскен қауын-қарбызды жемеуге кеңес береді. Алғашқы сынақта қауын құрамындағы нитраттың қалыптан екі есе көп екені анықталды. Қарбызда нитрат сәл көп. Бұл да денсаулыққа кері әсер ету үшін жеткілікті.

“Нитраттар – ағзада жинақталған асқазан-ішек жолдарының бұзылуына әкелуі мүмкін химиялық элементтер. Бауырдың, оның ішінде бауыр торларына зақым келтіреді. Себебі ағзада барлық токсиндерді бауыр өңдейді”, – деді департамент жетекшісі Айзат Молдағасимова.

Нитраттар жүйке жүйесіне де әсер етіп, гемоглабинді түсіреді дейді дәрігерлер.

Комментарий