Жаңалықтар | Новости

Жалдамалы пәтерден 5 студенттің мәйіті табылды

Ташкенттің Юнусабад ауданында 27 ақпанда кешке пәтерлердің бірінде бес студенттің денесі табылды. Бұл туралы Өзбекстан Бас прокуратурасының Telegram-каналында мәлім болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жастар пәтерді жалдап тұрған. Студенттер белгісіз заттан улану салдарынан қаза болды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

“Газета.uz” ақпараты бойынша, марқұмдар Әндіжан облысының тумалары:

– Ташкент Ақпараттық технологиялар университетінің екінші курс студенті М. У. (2000 жылы туған, Әндіжан облысы Бұлақбашы ауданының тұрғыны);
– Ташкент Ақпараттық технологиялар университетінің екінші курс студенті Р. С. (1998, Әндіжан облысы Бұлақбашы ауданының тұрғыны);
– Ташкент Ақпараттық технологиялар университетінің екінші курс студенті Д. Г. (2000, Әндіжан облысы Ходжаабад ауданының тұрғыны);
– Ташкенттегі Сингапурдағы менеджментті дамыту институтының екінші курс студенті О.И. (2000, Әндіжан облысы Бұлақбашы ауданының тұрғыны);
– Ташкенттегі Инха университетінің бірінші курс студенті С.Х. (2000, Әндіжан облысы Кургантепин ауданының тұрғыны).

Комментарий