Жаңалықтар | Новости

Қасым хан қазақ жерін жинаушы, ал Тоқаев жерді сақтаушы – Бүркіт

Әнші Бүркіт жер мәселесіне қатысты ойын айтты. Ол жердің шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеген мемлекет басшысына алғысын айтып, құрметін білдірді, деп жазады stan.kz.

“Мына жаңалықты естіп, көзімізден жас шығып кете жаздады ғой! Бұл өте қуанышты жаңалық. Алақай. Жеріміздің бір миллиметрі де шетелдіктерге сатылмайды. Тіпті жалға берілмейді. Шетелдіктер үшін тегін ірімшік бітті. Мемлекет басшысы Тоқаев алды да нүкте қойды. Жеріміз – біздің байлығымыз. Қазақтардың байлығы. Президент ұзақ жылдар бойы шешілмей келген мәселеге нүкте қойды.

Қазақтың жері тауар емес! Қасым-хан қазақ жерін жинаушы. Ал Тоқаев қазақ жерін сақтаушы. Рахмет сізге, Қасым-Жомарт Тоқаев! Еліміз жасасын!”, – деп жазды әнші.

“Ұзағынан сүйіндірсін. Жақсы жаңалық, біз де қуандық”, “Мәңгілік ел болайық, бұл жер ата-бабаларымыздан қалған жер, талай батырлар жанын қиды емес пе осы жеріміз үшін”, “Құтты болсын қуаныштарың ұзағынан болсын”, “Керемет жаналык екен”, “Жағымды жаңалық көп болсын”, деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жердің сатылуы туралы айтылып жүрген қауесеттерге нүкте қойды. Жер шетелдіктерге сатылмайтынын тағы бір рет ескертті.

Комментарий