Жаңалықтар | Новости

Түрме  есігінде ұялы телефондар тәркіленді

Бүгін 2021 жылдың 26 ​​ақпанында Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/14 мекемесінің тексеру бөлмесінде режим бөлімі тінту тобының  жедел уәкілі әділет лейтенанты А.Сыдыков   «Гецинер О.В.»  жеке кәсіпкер өкілін тексеру кезінде түрмеге кіргізіп  қолдануға тыйым салынған заттарды әшкереледі. Металл іздеуші лорнет көмегімен, қолөнер бұйымдарын жасауға арналған  ағаш тақтайшалардан сотталғандарға қолдануы үшін жасырылған  32 (отыз екі) мөлшеріндегі ұялы телефондар, 16 (он алты) бірлік смартфон,  16 дана қарапайым ұялы телефон,30 (отыз) дана қуат беру құралы, 16 (он алты) бірлік құлаққап, 8 (сегіз) дана  батарея тәркіленді.

Кәсіпкердің заңсыз  әрекетіне процессуалдық шешім қабылдау үшін   Қапшағай қалалық  жедел-тергеу тобы (ЖТТ) шақырылды.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД.

Комментарий