Без рубрики

«Жасөспірімдер арасында мен қылмыстың алдын алу шаралары» тақырыбында тренинг-сабағын өтті

Іс-шаралар жоспарына сәйкес, жас ұрпақты құқықтық тәрбиелеу мақсатында Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары мен мамандары «Zoom» бағдарламасының көмегімен «Қайнар» колледжіне, «Жасөспірімдер арасында мен қылмыстың алдын алу шаралары» тақырыбында тренинг-сабағын өткізді.

Шараға колледждің «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттері қатысты. Заң талаптарын сақтау, жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықбұзушылық салдары туралы маңызды мәселелер айтылды.

Дәріс барысында сот қызметкерлері қылмыс алдын-алу, оған жол бермеу тәсілдері мен мән-жайларды түсіндірді, мысалы ішімдікті шамадан тыс ішпеу, күш қолданбай кішігірім дауды шешу, дәлірек айтқанда атыс қаруын қолданудың тым қауіпті екені, жас балалардың ата-аналарының, аға ұрпақтың және мұғалімерің бақылауында болмауы туралы мәселелерге тоқталды.

Нақты тәжірибеден мысалдар айтылды. Жасөспірімдер арасында аса маңызды емес жанжалдарға байланысты топтық аса ауыр қылмыстар жасалады. Нәтижесінде жасөспірімер қаза болады, ал екінші жағы ұзақ

мерзімге бас бостандығынан айырылады. Бұл мысалдардан басқа есірткі мен алкогольды заттардың қолданылуын болдырмау мәселелеріне тоқталды.

Студенттер дәріс барысында аталмыш тақырыпты талдауға белсенді ат салысты.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Комментарий