Жаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

Айыпты қоғамдық жұмыстарға тартылды

2020 жылы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінде әр түрлі құқықбұзушылыққа барған 4 азамат Сот үкімімен қоғамдық жұмыстарға тартылды. Қазіргі таңда аталған пробация қызметінде «суық қару алып жүру» бабымен есепте тұрған 1 сотталған азамат жіберген қателігі үшін көшеде қар тазалау жұмыстарын атқаруда.

«Өткен жылы Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар: жарылғыш заттарды заңсыз сақтау, тасымалдау, суық қару алып жүру, билік өкiлiн қорлау және есірткі сақтау секілді баппен жазаға тартылғандар. Олар жергілікті әкімдік белгілеп берген орындарда саябақтарды, көшелердi тазалау, дуалдарды сырлау және жөндеу, ғимараттарды безендiру секілді т.б.қоғамдық жұмыстарды орындады.
Жалпы, қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтардың барлығы да қоғамға пайдалы жұмыстарды атқара отырып, келесі жолы қателікке бой алдырмайтындарына сенім білдіргіміз келеді дейді Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметі бөлімі.

Г.Ешмагамбетова, ҚРІІМ Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Мұғалжар аудандық пробация бөлімі бастығы 

Комментарий