Жаңалықтар | Новости

Джо Байден коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін бір жылға ұзартты

АҚШ президенті Джо Байден коронавирус пандемиясына байланысты елдегі төтенше жағдай режимін ұзартты. Бұл туралы Ақ үй хабарламасында жазылған, – деп хабарлайды РИА Новости

“COVID-19 пандемиясы адамдардың денсаулығы мен елдің қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді. Осыған байланысты 2020 жылдың 13 наурызында жарияланған және 2020 жылдың 1 наурызында күшіне енген төтенше жағдай 2021 жылдың 1 наурызынан кейін де жалғасуы керек… Мен ұлттық төтенше жағдай режимін ұзартамын”, – делінген Байден қол қойған құжатта.

Кеше АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 500 мыңнан асты. Жалпы Америка Құрама Штаттарында коронавирус жұқтырғандар саны 28 миллионнан асады.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты 2020 жылы 11 наурызда пандемия жариялаған болатын.

Комментарий