Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда “сары” және “жасыл” аймақтағы карантин жеңілдейді – Атамекен

Атамекен” басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева “сары” және “қызыл” аймақтарда карантин жеңілдейтінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, 24 ақпанда Ведомствоаралық комиссияда “жасыл” және “сары” аймақтағы жағдай талқыланған. Ол 1 наурыздан бастап күшіне енеді.

“1 наурыздан бастап “жасыл” аймақта:

1) Спорттық шаралардың көрерменмен өтуіне (адам саны талқыланып жатыр);

2) 50 адамға дейінгі еске алу шараларын өткізуге;

3) Бильярдтардың жұмысына;

4) үй-жайлардағы балалар ойын-сауық клубтарының қызметіне;

5) цирктерді жұмысына рұқсат етілді;

“Сары” аймақ үшін:

Жексенбі күні базарлардың, СОО мен сауда үйлерінің жұмысына шектеулер алынып тасталды.

АШЫҚ қосымшасы бойынша:

1) Боулинг;

2) Компьютерлік клубтар;

3) Фитнес-орталықтар, бассейндер – алдыңғы санаймақ бойынша жұмыс істейді”, – деп жазды ол.

Комментарий