Қоғам | Общество

Шығыс Қазақстанда енді ерекше кинофестиваль өтеді

Шығыс Қазақстанда енді ерекше кинофестиваль өтеді. “Осы жылы білмеймін, ал келесі жылы сөзсіз кинофестиваль өткіземіз. Оның аты былай болады: Түркі әлемінің кинофестивалі.
Онда сондай-ақ, түркі әлемінің спорт ойындарын да өткізсек деген ой бар “, – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бүгін “Тұғыры биік Тарбағатай” атты халықаралық спорт және өнер фестивалі кезінде. Ырғызбай әулие кешенімен танысып, “ШҚО ақсақалдарының ІІІ форумына” қатысушыларымен кездескен соң. Аймақ басшысының айтуынша, алдағы уақытта кешендері музей жаңғыртылып, халықаралық спорт және өнер фестивалінің дәрежесі көтерілмек.
Жалпы “Түркі әлемінің кинофестивалі” жобасы жүзеге асатын болса бұл түркі халықтарының кино өнеріне арналған Қазақстандағы тұңғыш және ең ірі шара болады. Өйткені өз мақсаты мен міндетін 2018 жылы “Алматыға түркі тілдес әлемдегі кинематографтарды біріктіру, Қазақстанның экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал ету. Түркі тілдес елдер арасындағы мәдени диалогты нығайту, шетелмен рухани, мәдени және кинематографиялық байланысты кеңейту” деп жариялаған Халықаралық Ш.Айманов кинофестивалінде түркі тілдес елдер фильмі “Ата-бабалар мекені” деп аталатын жеке бөлімде ғана көрсетіледі. Ал өзге екі бөлімде олар жеке қарастырылмайды.
Ерлік Ержанұлы

Комментарий