Судья мінбері | Судебная система

 Сыбайлас жемқорлықпен күрес басты бағыт!

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық елдерінде тек ауқымында ғана ерекшеленіп, өмір сүруін жалғастыруда. Сыбайлас жемқорлық
әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қатер төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады, оның басымдылығы Елбасы Н.Ә. Назарбаевпен нақты белгіленген. Сондықтан Елбасымыз өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттің басымдықтарының бірі ретінде атады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша 2019 жылдың соңында жұртшылықты кеңінен тарта отырып, нормативтік құқықтық актілер (бұдан әрі – НҚА) жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы қалпына келтіру бойынша заңнамалық түзетулер енгізілді. НҚА (Нормативтік құқықтық акті) жобаларын сараптау әзірлеушінің НҚА-ның жеткілікті негізделмеген жобасын жасыруына немесе қолдау көрсетуіне не өзінің шынайы ниетіне қатысты жұртшылықты жаңылыстыруына алып келетін сыбайлас жемқорлық сипатты нормаларды белгілеу және алып тастау мақсатында басталған.

Осы мақсатта 2020 жылғы 16 шілдеде Үкімет қаулысымен (№451) НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидалары бекітіліп, 2020 жылдың 2 қарашасынан бастап, жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу міндеттілігі қолданысқа енгізілді.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуді үйлестіру ғылыми мекемеге немесе жоғары оқу орнына жүктеледі.

НҚА жобаларына ғылыми сараптама жүргізудің – басты мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тиімділігін арттыру, НҚА мазмұнында сыбайлас жемқорлық болып табылатын, яғни сыбайлас жемқорлық көріністеріне жағдай жасай алатын нормаларға жол бермеу  болып табылады.

Осы қызметтің міндеттеріне келетін болсақ, олар: НҚА мазмұнында сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау, осындай жобаның қабылдануына бағалау жүргізу, жою үшін қажетті ұсыныстарды әзірлеу.

Бұл-заңнамалық базаны қалыптастыру, НҚА әзірлеу сатысында-ақ болашақта, осы НҚА қабылдағаннан кейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін ықтимал алғышарттарды, факторларды жоюға мүмкіндік беретін қажетті құрал, қажетті тетік екенін атап өткен жөн.

Мөлдір  Пайызова, Шымкент қаласы

Әділет департаментінің

Нормативтік құқықтық актілерді

тіркеу бөлімінің бас маманы                                

Комментарий