Бас тақырып | Тема дняҚұқық | Право

Қазақстанда мұғалімдер мен дәрігерлер мәртебесін көтеретін заң қабылданады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылданатынын мәлімдеді.

Елордада Қазақстанның жаңадан сайланған президентін ұлықтау рәсімі өтті. Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды одан әрі дамытудың он бағытына тоқталды. Соның алтыншы бағыты – әділетті әлеуметтік саясат жүргізу.

Мемлекет басшысы атап өткендей, билік адам капиталын дамыту саясатын жалғастырмақ.

“Бұл бағытта, ең алдымен, не істеуіміз қажет? Жаппай білім беруді қолдау және барлық тұрғынға сапалы медициналық қызмет көрсету.

Біз мұғалімдердің және дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылдаймыз. Олардың құқығын қорғап, материалдық жағдайын жақсарту үшін тиісті жағдай жасаймыз”, – деді президент.

Комментарий