ХҚКО | ЦОН

Мемлекеттік қызметтерді ХҚО-ға бармай-ақ алуға көмектесетін жеке менеджер туралы

Қайырлы күн, оқырман! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында мемлекеттік қызметтерді ХҚО-ға бармай-ақ алуға көмектесетін жеке менеджер туралы айтамыз.
📌Ең алдымен ХҚО-ға барып жеке менеджермен келісімшартқа отырыңыз
📌Қажетті қызметтер тізімін ұсынып, қызмет құнын төлеңіз
☝️Келісім-шартқа отырған сәттен бастап сіз:
✔️Уақытыңызды үнемдейсіз;
✔️Құжаттарды рәсімдеу машақатынан құтыласыз;
✔️Халық көп шоғырланатын жерге бармайсыз;
✔️Қызмет нәтижесін сіз айтқан жерге дейін әкеліп береді;
✔️Келісім шартты 1 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге жасасуға болады.

Есіңізде болсын❗️
💰Қызмет құны сізге қажет қызметтер тізімі мен қызметтің күрделілігіне қарай бағалар прейскурантына сәйкес тағайындалады.
💰Егер сіз жеке тұлға болсаңыз, төлемді бірден жүзеге асыруыңыз керек.
💰Егер сіз заңды тұлға болсаңыз, қызмет ақысын атқарылған жұмыс актісіне сәйкес төлейсіз.

📣Қосымша ақпарат❗️
Жеке менеджерлер Нұр-сұлтан қаласындағы BI-Group /@ bi.group/компаниясының 2 бөлімінде, G-Park /@gpark.official /компаниясының бір бөлімінде орналасқан. Олар осы компаниядан алынған жылжымайтын мүлікті нотариуссыз рәсімдеу қызметін көрсетеді.

Комментарий