Жаңалықтар | Новости

Экс-министр Біртановтың үйқамақ мерзімі ұзартылды – адвокат

Елорданың ауданаралық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін 2021 жылдың наурызының соңына дейін ұзартты. Бұл туралы Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамағын ұзартты.

“Тергеу үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 12 ақпанында ұзартуды сұрады, сот наурыздың соңына дейін ұзартты”, – деді адвокат Дмитрий Куряченко.

Экс-министрдің адвокаты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Біртановты заңсыз қудалау ісін реттеуге өтініш жазғанын” да айтты.

Еске салайық, Біртанов 2020 жылы 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Оның ұсталғаны 3 қарашада белгілі болды. Біртановқа аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

2020 жылдың қарашасында Дмитрий Кураченко экс-министр үйқамақта екенін хабарлады. 2021 жылдың қаңтарында Нұр-Сұлтан тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ақпанның соңына дейін ұзартқан болатын.

Комментарий