Құқық | Право

Есептегі азамат қайырымдылық жасады

Қызылорда қалалық пробация есебінде тұрған азаматтар қайырымдылық шараларына белсене қатысып, бір- біріне көмек қолын созуда. Бүгін осындай көмекті қалалық пробация есебіндегі азамат өзі секілді пробация есебіндегі азаматтарға көрсетті. Ол өз қаражатына  тұрмыс жағдайы төмен 2 отбасыға  қол ұшын созып, азық-түлік алып беріп, қайырымдылық жасады.

«Кең болсаң, кем болмайсың»,-  дейді дана халқымыз.Қайырымдылық жасау үшін  дәулетті болудың қажеті жоқ, жүрегіңде мейірімділік болса жеткілікті. Көмекке мұқтаж жандарды өз көзімізбен көріп жүрген соң, көмектесуге бел будым.  Бірінші кезектегі  қажетті азық-түліктер : май, қант, шәй,басқа да  заттарды алып бердім.  Қолымнан келгенше есептегі азаматтарға көмек көрсетемін»-, деді есептегі жомарт азамат.

«Осындай  шаралар  арқылы бұл азаматтар өзгелерді де осындай көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруге шақырады. Олар бір- біріне көмек беріп, қиындықта қалған жандарға жанашырлықпен қарап, аяушылық таныту секілді ізгі қасиеттерді өмірлік қағидаларына айналдыра алады. Қайырымдылық шаралары мұнымен тоқтамайды ,алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- деді қалалық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Е.Мардиханов.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Комментарий