Құқық | Право

ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар оның тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстарды орындауынан тұрады.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жаза заңды күшіне енген сот үкімінің көшірмесімен бірге сот өкімі пробация қызметіне келіп түскен күннен бастап он күндік мерзiмнен кешiктiрiлмей орындалады.
Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарды орындауын бақылауды сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметі жүзеге асырады.

-Сотталған адамға негізгі жұмыс орны бойынша кезекті демалыс беру қоғамдық жұмыстарды орындауын тоқтата тұрмайды.

– Жазасын өтеу кезеңінде сотталған адам жүкті болған кезде пробация қызметі сотқа жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілген күннен бастап оның жазаны өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыну енгізеді.

Сотталған адам бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп танылған кезде, пробация қызметі сотқа оны жазасын одан әрі өтеуден босату туралы ұсыну енгізеді.

  1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жаза мерзiмiн есептеу

 

  • Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза мерзімі сағатпен есептеледі, сол уақыт ішінде сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындайды.
  • – Қоғамдық жұмыстар сотталған адамды оларды орындау кезінде негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерінен босата отырып не оқудан бос уақытта күніне төрт сағаттан аспайтын шамада орындалады.
  • -Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқу орындарында оқымайтын сотталғандар қоғамдық жұмыстарды күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан аспайтын шамада орындайды.
  1. Сотталған адамның қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы

 

– Сотталған адамның қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін пробация қызметі оны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жауаптылық туралы жазбаша түрде ескертеді.

-Егер төмендегідей заңбұзушылықтар орын алған немес жаза өтеуден жалтарған  жағдайда қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаға  сотталған адамға қатысты пробация қызметі сотқа қоғамдық жұмыстарды қамаққа алумен ауыстыру туралы ұсыну жібереді:

1) қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны орындауға кірісуден бас тартқан не қоғамдық жұмыстарды орындауға кедергі келтіретін, құжаттамамен расталған ауыруы және басқа да себептер жататын дәлелді себептерсіз қоғамдық жұмыстарға бір ай ішінде екі реттен көп келмеген;
2) жазаны өтеу кезеңінде екі рет медициналық куәландырумен не мұндай мүмкіндік болмаған кезде – жұмыс берушінің комиссиялық актісімен расталған, алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде келген;
3) жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынған;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен сотталған адам қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден жалтарып жүр деп танылады.
4. Пробация қызметіне тіркелу үшін келмеген күннен бастап он бес күннен астам тұрған жері анықталмаған сотталған адам жазаны өтеуден жасырынып жүр деп танылады.

Қазіргі таңда «қоғамдық жұмысқа» тарту жазасын орындауға ел Президенті Қ.К.Тоқаев аса көңіл бөліп отырғаны белгілі. Сондықтан  да БҚО бойынша ҚАЖД-нің Тасқала аудандық  пробация қызметі Президент тапсырмасын орындау бағытындағы жұмыстарын ҚР Қылмыстық атқару Заңнамасы шеңберінде орындап келеді.

БҚО Тасқала аудандық   пробация қызметінің  аға инспекторы әділет  аға  лейтенанты   Джумагазиев С.Д.

Комментарий