Жаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

ШҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 13 шетелдік елден шығарылды

Шығыс Қазақстан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 13 шетелдік елден шығарылды.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде 15-19 ақпан аралығында «Мигрант» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде.
«Екі күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 87 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 13-і ел аумағынан шығарылған. Сондай-ақ уәкілетті органдардың рұқсатынсыз шетелдіктерді жұмысқа алған 8 адам жауапқа тартылды. Мәселен, олардың бірі Өзбекстан Республикасының азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқан. Оған ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», – делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, Семейде заңсыз көші-қон ұйымдастырудың бір фактісі тіркелді. Жедел алдын ала шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 8 қылмыскерді қолға түсірді.
Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Комментарий