Жаңалықтар | Новости

АҚШ-та коронавирустың гибрид штамы анықталды

АҚШ-тың Калифорния штатында адам ағзасынан екі штамм бірігуінен пайда болған гибрид коронавирус штамы табылды, – деп хабарлайды Daily Mail.

Ғалымдар гибрид екі штамның бірігуі нәтижесінде пайда болды деп болжап отыр. Олар ұлыбританиялық B. 1.1.7 және АҚШ-та пайда болған B.1.429. Әзірге гибрид штамды жұқтырудың бір ғана жағдайы белгілі. Бірақ сарапшылар тексерілмеген науқастарда жұқтыру дерегі болуы мүмкін деп қорқады.

Daily Mail

Олар гибрид штамм ұлыбританиялық штамға қарағанда тезірек таралуға мүмкіндік беретін мутацияны алып жүреді деп алаңдайды.

Коронавирус инфекциясының гибрид түрін АҚШ-тың Лос-Аламос ұлттық зертханасы қызметкері, дәрігер Бетт Корбер анықтады.

Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар вирус будандарының пайда болуына қатысты алаңдаған еді. Бірақ сарапшылар гибрид штамның таралуына ерекше жағдайлар қажет екенін айтты.

Комментарий