Жаңалықтар | Новости

Brent мұнайы қымбаттап жатыр

Brent мұнайының бағасы 2020 жылдың 21 қаңтарынан бері алғаш рет барреліне 65 доллардан жоғары көтерілді, – деп хабарлайды РИА Новости.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 7.05-тегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасына сәуір фьючерстерінің бағасы 0,25 пайызға – барреліне 65,06 долларға дейін, WTI-ға наурыз фьючерстерінің бағасы 1,26 пайыз – барреліне 61,91 долларға дейін өсті.

Бұған дейін АҚШ-тағы ауа райының қолайсыздығына байланысты қара алтынның бағасына “қысым” пайда болғаны хабарланған еді. Ел үшін әдеттегіден айтарлықтай суық ауа райы, әсіресе Техас штатында мұнай өндіруге кедергі келтіріп отыр.

Комментарий