Жаңалықтар | Новости

Сарбаздар мен олардың туыстары бір толқында

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мен «Қазақ радиолары» бірлескен жобаны іске қосты, соның арқасында әскери қызметшілер ата-аналарын, туыстарын, достарын құттықтап, жауап ретінде құттықтаулар алады.

«Қазақстан сарбазы» бағдарламасы аясында «Сәлем, сарбаз» музыкалық ойын-сауық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл мерзімді қызметтегі сарбаздарға туыстарымен байланысты сезінуге, жаңалықтармен және маңызды оқиғалармен бөлісуге мүмкіндік береді.
– Жексенбі күні біз радиодан «Қазақ сарбазы» бағдарламасын тыңдадық. Құттықтаулар мен тілектерді есту қандай әсерлі. Бүгін радиодан ата-анам құттықтады. Енді әр жексенбі күні жаңа шығарылымды тыңдайтын боламыз. Әріптестерімнің атынан Қазақ радио ұжымына табыс тілеймін, – деп Атырау гарнизонының мерзімді қызмет әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Ералхан Сапаралы өз әсерімен бөлісті.
– Қазақ радиосының толқынында «Қазақстан сарбазы» сағаттық бағдарламасы бар. Енді бізде құттықтауға мүмкіндік бар. Қазақстан Әскери-теңіз күштері матростарының атынан осы жоба үшін радио ұжымына алғыс айтамыз, – деді Ақтау гарнизоны әскери бөлімінің матросы Табыс Мерей.
– Демалыс күндері мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге арнап
теледидар мен радио бағдарламаларды тыңдауды және көруді ұйымдастырамыз. Бүгін тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы бірінші дәрежелі капитан Серік Жақсығалиұлы Бурамбаевтың сөйлеген сөзін тыңдадық. Мерзімді қызметтегі жеке құрамды тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Қазақстандық БАҚ ұжымдарына алғысымды білдіргім келеді. Осындай бағдарламалар жауынгерлік рухты көтереді, әскери борышты орындауғашабыттандырады, – деп атап өтті Қапшағай гарнизоны әскери бөлімінің аға офицері психолог гвардия майоры Бауыржан Әлжанов.
Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама әр жексенбі сайын Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.00-ден 11.00-ге дейінгі аралықта эфирге шығады, құттықтауларды +7 (775) 759 88 85 нөміріне жолдауға, сондай-ақ 8 (717) 2 75 72 75 телефонына қоңырау шалуға болады.

Комментарий