Аймақтар | РегионыЖаңалықтар | Новости

Алматы облысындағы ауылдар көркейіп келеді

“19,8 млрд. теңге игеріліп, екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, 17 мектеп, төрт мәдениет үйі, 3 денсаулық сақтау нысаны, 97 шақырым инженерлік желілер мен 138 шақырым ауылішілік жолдар жөнделді”. Бұл туралы Алматы облысының халыққа берген есебінде айтылды. 

“Сондай ақ “екі жыл ішінде 25 ауыл қамтылды, онда инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстар кешенді жүргізілді. Мысалы, Сарыөзек аудан орталығында сумен жабдықтау, ауылішілік жолдарды, тротуарларды жөндеу, көше жарығын орнату бойынша 12 жоба іске асырылды. Сонымен қатар бір мектеп, екі балабақша және мәдениет үйі жөнделді. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде қолайлы орта құру үшін 2019 жылдан бастап «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы іске асырылуда” дейді Амандық Баталов. Биыл өңірде атап өтілуі тиіс мерейтойларға да тоқталып өтті. “Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Мемлекет басшысы мереке кезінде әрбір іс-шараны ел мен өңірге пайда әкелетін нақты істерге айналдыру қажеттігін атап өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жетісу өңірінің ұлы ұлдары: Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы атап өтіледі” дейді облыс әкімі.

 

Комментарий