Аймақтар | РегионыЖаңалықтар | Новости

Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімділігі артып келеді

Халыққа берген кезекті есебінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов “Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды міндет болып қала береді. Оны өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығы мен бәсекеге қабілетті қайта өңдеу өндірістерін құрмай шешу мүмкін емес. Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған ұлттық жобасы әзірленуде” дейді.

Жоба аясында еңбек өнімділігін 2,5 есеге, өңделген өнім экспорты көлемін 2 есеге ұлғайту міндеті қойылған. Бұл үшін ет, сүт, қант, дәнді, майлы дақылдар, көкөністер мен жемістер өндіру бойынша ірі инвестициялық жобалар айналасында жеті экожүйе құрылған көрінеді. “Біздің әлеуетіміз жеткілікті: 1,3 млн. бас ірі қара мал, 4 млн. бас қой мен ешкі, шамамен бір млн. егіс алқабы бар, оның жартысы суармалы болып табылады, сондықтан экожүйелер құруға қатысатын боламыз” деп атап өтті облыс әкімі.

Комментарий