Жаңалықтар | НовостиЭкономика

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов есеп берді

Халыққа онлайн есеп берген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов “Өздеріңіз білетіндей, өткен жыл пандемияға байланысты қиын жыл болды. Дегенмен, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қабылданған қолдау шараларының арқасында облыс экономикасының барлық негізгі салаларында оң серпін сақталды” дейді облыс әкімі.

Сондай ақ өнеркәсіпте (1 трлн.168 млрд.) және ауыл шаруашылығында (918 млрд.) өсім 2,3 процентті, құрылыста 6,8 процентті құраған (310,2 млрд.). 957 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, бұл 2019 жылғы деңгейден 7 процентке артық болған. 4 процент өсіммен 680 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған. “Бұл көрсеткіштерге қол жеткізуге Жұмыспен қамтудың жол картасы көп ықпал еткенін” Баталов атап өтті. Бағдарлама бойынша облысқа 105,6 млрд.теңге бөлініп, 19,5 мың жұмыс орнын құрумен 898 жоба аяқталды. Ал, жалпы облыс бойынша барлығы 60,7 мың жұмыс орындары құрылды. Мемлекеттік бюджетке түсімдер 562 млрд. теңге мөлшерінде қамтамасыз етілді, оның ішінде меншікті кірістер 25 процентке өсіп, 284 млрд.теңгеге жеткен.

Комментарий