ХҚКО | ЦОН

Жылжымайтын мүлікті нотариуссыз тіркеу

Қайырлы күн, оқырман! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында сатып алынған жылжымайтын мүлікті нотариуссыз, яғни ХҚО арқылы тіркеп көретін боламыз.
📌Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минутқа ерте келіңіз;
📌ХҚО операторына келесі құжаттарды ұсыну:
📎 сатып алу- сату келісімшартының 2 данасын жасасыңыз:
📎Мүліктің техникалық паспорты;
📎Мүлік меншігіне құқық беретін құжаттар (сатушы тарапынан);
📎Некеде болса, екі тараптың да жұбайының нотариус арқылы рәсімделген келісімі;
📍Егер жылжымайтын мүлік құрылыс компаниясынан сатып алынатын болса, қосымша:
📎Сату жөніндегі шешім;
📎Сатып алушы некеде болса, нотариус арқылы жұбайының рәсімделген келісімі;

Есіңізде болсын❗️
☝️ХҚО-ға дайын келісімшартпен келулеріңіз қажет. Келісім-шартта міндетті түрде жылжымайтын мүліктің барлық сипаттамасы (ауданы, қабаты, пәтер нөмірі, кадастр нөмірі және басқа да техникалық сипаттамалары) көрсетілуі тиіс.
☝️Жылжымайтын мүлікті құрылыс компаниясынан алған жағдайда, ХҚО-ға компания өкілі келетін болса, келісімшартта оның аты-жөні көрсетілуі қажет. Егер олай болмаған жағдайда, келісімшартқа қол қоюшы, яғни компания директоры, директорлыққа тағайындалғаны жайында бұйрықпен ХҚО-ға өзі келеді.

💰Қызмет құны (тұрғын үй үшін) – 1 202 тг
Есіңізде болсын❗️
☝️Қызмет құны тұрғын үйден басқа жылжымайтын мүлік түрлері үшін (қойма, автотұрақ т.б.) ауданына қарай өзгереді.
☝️Егер тұрғын үй жекежай болса, қызмет құны өзгермейді, бірақ жер телімі және басқа да жекежай аумағындағы құрылыс нысандары үшін қосымша төлем жасалады.

⏰Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда – 1 жұмыс күні.

Комментарий